Салауатты өмір саалтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 28 қараша күні Атамекен бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету орталығында «Дүниежүзілік ЖИСТ-пен күрес күніне орай» ашық есік күні өткізілді.
Шараның мақсаты: халықтың өз денсаулығына деген жауапкершіліктерін арттыру. ЖИТС ауруынан өзін сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу.
Емшара медбикелері А. Джалғасбаева, Р. Кабиева, тұрғындарға және медицина қызметкерлеріне «Жұқпалы иммун тапшылық синдромының таралу жолдары, алдын алу жолдарын» айтып түсіндірді. Психолог маманы Г. Жамаловатақырыпқа сай ақпараттық ағарту материалдары таратылды. Қамтылған адам саны- 54.