Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ММ-нің психолог мамандары «Ақтау технолдогиялық қызмет көрсету» колледжінің 1-2 курс студенттері арасында кездесу өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу.
Шара барысында жүктіліктің алдын алу жөнінде бейне-роликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Барлығы 40-тан аса студент қамтылды.