Мақсаттары мен міндеттері
Кәсіпорынның басты мақсаты денсаулық сақтау саласындағы өндірістік - шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
- Аурулардың алдын алу және тұрғындардың денсаулығын нығайту саласындағы денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысының жаңа түрлері мен әдістерін зерттеу және жинақтап қорыту, сауықтыру, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастырудың медициналық аспектілерінің мәселелері бойынша ғылыми - зерттеу институттарының, медициналық ЖОО - дары кафедраларының әзірлемелерін енгізу;
- Облыс көлемінде ауруларды алғашқы және қайталап алдын - алудың, тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру, гигиеналық білімдерді насихаттау бойынша медициналық проблемалары бойынша ғылыми - негізделген шараларды ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар осы шараларды іске асыруда басқа ведомстволар, кәсіпорындармен шаруашылық субьектілеріне көмек көрсету;
- Аурулардың, травматизмнің алдын - алу және салауатты өмір салтын қалыптастырудың түрлі аспектілері бойынша мамандарға және тұрғындарға әдістемелік, бейнелеу және басылымдық материалдарын дайындау және басу;
- Жетекшілік ететін проблемалар бойынша келісім негізінде медициналық және медициналық емес саладағы органдар мен мекемелердің әлеуметтік тапсырыстарын орындау және кеңес беру - сауықтыру, баспасөздік және оқыту қызметтерін іске асыру.