ОСӨСҚПО Жаңаөзен қалалық филиалының қызметкері Ерлан Қалиев «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды!» ұранымен мектеп-гимназия оқушылармен кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында мінез-құлық қауіп-қатер факторларын (темекі шегушілік, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания) алдын алу.
Кездесу барысында ОСӨСҚПО ЖҚФ маманы «Drunk and Dangerous» («Мас күйінде көлік жүргізу») интерактивті көзілдіргі, темекіге қарсы демонстрациялық чемодан, «Темекі шегетін Сью» қуыршақ-симуляторы құралдар және «Спирттің ақуызға әсері» биохимиялық тәжірибе арқылы жастарға темекі, арақ, нашақорлық, токсикомания және т.с.с. қауіп-қатер факторларының зияны туралы ақпаратты жеткізді.
Жастарға әртүрлі зиянды әдеттерді алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылып, әлеметтік бейнероликтер көрсетілді. Жастар айтылған мәліметтерді мұқият тыңдап, көптеген сұрақтарды қойды. Осы әлеуметтік маңызы бар ақпараттық жұмыспен барлығы 30 оқушы қамтылды.
Махаббат САРЫЕВА,
ОСӨСҚПО ЖҚФ