Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ММ-нің психолог мамандары «Туризм» колледжінің 1-2 курс студенттері арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында кездесу өткізді.
Негізгі мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу.
Қыз баланың жаны нәзік, табиғаты тылсым, өмір жолы жіңішке жаралған. Олар бүгін – біреудің перзенті болғанымен, ертең ер жетіп, жат жұртқа барып ана атанады. Қыз өсірген әр ата-ана болашақтың аманатын өсіріп отырғанын түсінуі керек.
Шара барысында жүктіліктің алдын алу жөнінде бейне-роликтер көрсетіліп сауалнама жүргізілді.Тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Барлығы 80-нен аса студент қамтылды.