Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» Медициналық мекемесі

Ресми интернет-ресурс

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а, "Отар" Б/о, 421 каб.

Телефондар: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Семіздік және оның алдын алу

28.03.2016
Семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану екені белгілі. Еліміздің еңбекке жарамды тұрғындарының төрттен бір (көбіне әйелдер) осы семіздіктен зардап шегуде.Оны емдегеннен гөрі алдын алған әлдеқайда жеңіл. Ол үшін бақылап отыруы қажет. Дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 килоға өсіруден ақ алдын алмаса болмайды. Жеген тамақтың қуатпен тең  болуы тиіс. Дене салмағы өсіп бара жатса, жеңіл тамақтарға көшу, не болмаса белсенді әрекет арқылы шығарылатын қуаттың мөлшерін көбейту керек. Тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайтқан жөн.

Белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпаған жөн. Ет және сүт өнімдерін, малдың майын  тәттілерді,(кәмпит, қант,т.б) нан,ботқа және картопты аса көп қолданбаған жөн, тәбетті күшейтетін дәмдеуіштер мен ащы нәрселерді де шектеп, тұзды өте аз мөлшерде пайдалану керек. Өйткені тұз тәнде су жинайды. Қара нан немесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеу керек. Майсыз ет,балық, майы алынған қаты, сүт, сондай-ақ көкөністердің барлық түрін қолдануға болады. Тамақтану тәртібі қатаң сақталуы тиіс. «Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа  бер» - деген ұлағатты сөз бар.

Сол айтқандай, ұйықтар алдында  тоя тамақ жеуге болмайды. Өйткені ол семіздікке алып келеді. Өзіңіз  ойлап  көріңізші, тамақталғаннан 2-3 сағат кейін тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды. Біз ұйқыда жатқандықтан олар бұлшық ет  қуатына жұмсаудың орнына семіздік қоймасына біртіндеп жинала береді. Әдетте, семіздікке бейім жандардың тәбеті күшті болады. Оның тамақтану санын көбейту жолымен азайтқан жөн. Таңертеңгілік немесе түскі астан соң алма жеп не 1  құты сүт, айран, болмаса қантсыз шәй ішіңіз 15-20 минуттан кейін тамаққа деген тәбетіңіз нашарлап түскі не кешкі тамаққа асықпайтын боласыз. Тамақтың түрі мен тамақтану тәртібінің өзгеруіне қарай бұлшық ет қуатының шығынын да өзгертіп отыру керек.

Күнде таңертең жүйелі түрде жаттығулар жасаңыз. Сондай-ақ шалт жүріс, серуендеу, спортпен айналысу (бадминтон, шаңғы тебу және т.б.) семіздектен арылудың тиімді шаралары екендігі дауысыз.Таңғы да бір естеріңізге сала кететін нәрсе дене салмағын реттеуді 30 жастан емес, бала кезден  бастау керек. Егер 5-7 жасар бала семіре бастаса, оның денсаулығының мықты екендігін андатпайды, керсінше, алдын алмаса, 15-20 жылдан кейін оның сусамырға немесе гормоналдық ауруларға шалдығу мүмкіндігі бар деген сөз. Ал енді осы айтылған кеңестерден қайран болмаса, қайтпек керек? Онда дәрігерге көрінген жөн. Дәрігер науқастың жеке ерекшелігін ескере отырып, ем бұйырады, әрі жүйелі түрде бақылап отырады. Өзіңізді өзіңіз емдей бастамаңыз. Өйткені ол қауіпті.

Махаббат САРЫЕВА,

ОСӨСҚПО ЖҚФ медбикесі


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте