Темекі сүйекті сынғы шетеді.
Темекі тарту тек қолқаға, өкпеге, қанға, асқазанға ғана емес, бүкіл тәнге зиянын тигізеді.
Мәселен, қорқоршы байқайсызда аяғын сындырып алар болса, ол гипсте темекі шекпейтін кісіден екі есе ұзақ жүреді. Техаста жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті: темекіге әуестердің сынықтары бұндай әдеттен аулақ адамдармен салыстырғанда екі есе баяу бітеді.
Зерттеуге жіліншік сүйегі сынған 76 адам есеппен қатысқан. Темекі шекпейтіндерде сүйек орта есеппен 146 күнде, темекі шегетіндерге 276 күнде бітісті. Қорқоршылардың сүйек тіні әлсірейді, демек, сынық қаупі де арта түседі.
Әрине, темекіге әуестер кейбір темекі шеккен адамдардың ұзақ жасап, өмірде біршама жетістіктерге жеткендерін айтар. Алайда егер олар темекі шекпегенде, әлдеқайда ұзақ өмір сүрер ме еді, қағамға әлдеқайда қомақты пайда келтірер ме еді, кім білсін.
Еске алайықшы:
Родриго де Херес, испан саяхтшысы, Американы зерттеуші. Темекі шеккен алғашқы еуропалық саналады.
Әйелі ол туралы былай деп жазған:
«Ол от жұтады, түтін шығарады, бұл оның шайтанмен жолдас болғандығының айқын дәлелі!»
Сэр Исаак Ньютон, математик, физик және филосов. Оның есімі тарихта темекіні көп шеккендігімен емес, бірде темекі түтікшесін өшіру үшін байқамақ қалыңдығының саусағын пайдаланғандығымен қалды.
Зигмун Фрейд, психоанализді негізін қалаушы. Күніне 20 сигара шеккен. Таңдай және ерін обырына шалдыққанда да бұл әдетін тастамаған.
Фридрих Вильгельм, Пруссия королі. Бір кеште 32 - ге жуық темекі түтігін тартқан.
Сэр Уинстон Черчилль, Ұлыбритания премьер-министрі. Аты аңызға айналған қорқоршы. Десек те, көзін көргендердің айтуынша, күніне 15 сигарадан артық шекпеуге тырысқан.
Марк Твен, жазушы. Тек сигара ғана шеккен.
«Темекіні тастау ма? Бұдан оңай ештеңе жоқ. Өз басым жүз реттен артық тастағам...» деген сөзімен темекі тарихында қалған.
Қорыта келе айтарымыз, не де болса, темекіден бас тартуға тырысыңыз. Күнделікті шегілетін темекі мөлшерін азайтыңыз. Адам тәнінде ең ерте тозатын ағза – өкпе. Өйккені нәресте дүниеге келгенде ауа алдымен өкпесіне енеді. Сондықтан ғалымдар адамның қартаюы өкпеден басталады деген қорытынды жасаған.
Өкпені темекі түтінімен улаудың не қажеті бар?