Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» Медициналық мекемесі

Ресми интернет-ресурс

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а, "Отар" Б/о, 421 каб.

Телефондар: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Маусым келе жатыр

04.07.2016

Маңғыстауда ішек ауруларымен ауру оқиғалары жиілегені байқалады.

2015 жылы облыстық инфекциялық ауруханаға 397 науқас түссе, биылғы жылы 444 адам қабылданған.

Сонымен қатар, тамақ токсикоинфекциясымен ауырған науқастар саны да 2015 жылғы 10адам болса биыл 22 науқасқа көбейгкн.

Бактериялық ішек инфекцияларының өсуі байқалады (107/131).

Ішек ауруларымен ауырған балалардың көптеп түсуін облыстық инфекциялық аурухананың бас дәрігері Сара Ермұханова, ең алдымен, ауруды тудыруы мүмкін себептері мен аурудың алғашқы белгілері туралы ата-аналардың ақпараттанбауларымен байланыстырады.

- Балалар жиі аудандардан бірнеше күн науқастанып барып түседі. Ата-аналарға өз баласының жағдайына, аурудың алғашқы белгілеріне (құсу, ішінің өтуі, әлсіздік) назар аударуы және бірден дәрігердің көмегіне жүгінгені жөн. Жақын күндері Құрық ауылынан 11 айлық балақай өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бес күн бойына жан сақтау бөлімінің дәрігерлері мен медбикелері аурудың бетін қайтару үшін еңбектенді. Қазірде балақай сауығып келеді. Науқастың ауруханаға қайталап түсетін кездері де кездеседі, бұл жағдайда ата-аналар инфекционист дәрігердің нұсқаулықтарына немқұрайлы қарап (біз барлық аналарға ақпарат парақшаларын таратамыз), емхана дәрігерлеріне біздің тарапымыздан жіберілетін бала туралы жедел ақпаратта көрсетілген стационардан шығарылар алдында науқасты одан әрі бақылауы үшін жазылып берілген ем-домдарын дұрыс жасамайды,  - деп атап айтты Сара Ермұханова.

Ата-ана немқұрайлылығының қайғылы мысалы Мұнайлы ауданынан түскен төрт жасар сәби болды. Үйдің ішінде тұрақты орын алған көгерген иіспен тыныс алуы бронхоэктотикалық ауруға, яғни ауатамырларының қайтарымсыз патологиялық кеңеюіне шалдығуының себебі болды.Кейін анықталғанындай, жергілікті дәрігерлер де аурудың туындау себебін білу үшін баланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныспаған.

Қазіргі уақытта балалар инфекциялық бөлімшесінде негізінен жұқпалы диареямен, пневмониямен, жұқпалы инфекциямен науқастанған 43 бала емделуде.

Жан сақтау бөлімінде үш бала – туғанынан стридоры бар (тыныс алу жолдары арқылы ауаның қиындықпен өтуінен туындайтын шуылды тыныс алу) бронхопневмониямен науқас бір бала, ЖРВИ аясында нейротоксикозы туындаған БСА ауыратын науқас және пневмониямен ауырымен туғанынан жүрек ақауы бар екі айлық бала. Өкпе аурулары емделгеннен соң балақай республикалық клиникаға жолданатын болады. Бірнеше күн бойы олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылып тұрды. Балалардың жағдайлары жақсарды, оларды ауруханадан шыаруға әзірлеуде.

Сара Ермұханованың пікірінше, 43 науқас баланың 80 пайызы Мұнайлы ауданынан, атап айтқанда Басқұдық және Атамекен ауылдарынан түскен.

Басқа аурулардың өсуімен қатар  вирусты энтеритпен, сальмонеллезбен және дизентериямен ауру үдерісінің төмендегені байқалады. 2015 жылы сәбилер мен балалардың шетінеуі 50 пайызға тмендеген (2014 жылмен салыстырғанда).

1 ықшамауданда орналасқан бөлімшеде (үш жастағы және одан ересек балалар үшін) сірлі менингит ауруымен науқас бала (бас миы қабықшасының қарқынды зақымдануы), «тамақ токсикоинфекция» диагнозымен бір отбасынан бес адам ем қабылдауда.

Облыстық инфекциялық аурухана 120 керуетке есептелген, 60 керует бір айлық жастан үш жасқа дейінгі науқас балалар үшін.

Ішек ауруларының асқыну маусымының алдында дәрігер Ермұханова ата-аналарды жеке басының гигиенасын сақтауға, шикі азық-түлікті жылы сумен мұқият тазартуға, азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтауға, тамақтану үшін қауіпсіз азық-түлік пен қайнаған суды пайдалануға шақырады.  

Гүлмира Садырова

Автордың фотосы

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте