Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» Медициналық мекемесі

Ресми интернет-ресурс

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
24 ш/а, "Отар" Б/о, 421 каб.

Телефондар: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Екпе деген не және ол не үшін керек?

05.08.2016

Балаларға екпе (вакцинация) жасау – ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс.
Қазiргi кезде алдын ала егу нәтижесiнде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, қара шешек) жойылды. Сондықтан, түрлi жұқпалы ауруларға қарсы егудiң маңызы зор екенiне ешбiр күмән келтiрiлмейдi. Екпенiң не екенiн қазiргi ата-аналардың бәрі дерлiк бiлсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбiнде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткенi, қазiргi таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе-бет келген адамдар кемде-кем. Осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылшаның, полиомиелиттің (салдың), дифтерияның  қаншалықты қауiптi екенiн түсiндiрiп жатпайтын - ол кезде бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдарды көптеп келтiруге болатын. Ал, туберкулезбен және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелi кез келген аулада естiлiп жататын. Ата-аналар баласының таңертең қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазiргi уақытта мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арасында кезiнде полиомиелитпен ауырған адамдарды кездестiруге болады.
  Жыл сайын дүние жүзiнде жұқпалы аурулардан мыңдаған адам көз жұмады және көбiсi өмiр бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан, халықты және балаларды вакцинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсiнiп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерiн жүргiзудiң нәтижесінде балаларымызды инфекциялардың қауiп-қатерiнен аман сақтауға қол жеткiземіз.
  Вакцинациялау тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне (ТМККК) енгiзiлген. Қазақстанда халықты иммундауға байланысты барлық қаржы мәселесiн шешудi мемлекет 1995 жылдан бастап өзiне жүктеген. Жыл сайын вакциналар республикалық бюджет қаржысына сатып алынады. Елiмiзде екпе жасау сәттi жүргiзiлiп келедi және ол аяғы ауыр түрде асқынулармен өтетiн немесе аяқталатын, ең алдымен балаларды ауыр зақымдайтын ауруларға қарсы бағытталған.

 Қазiргi уақытта вакцинациялау - егу арқылы балалар мен халықты салға (полиомиелитке), қызылшаға, қызамыққа, туа бiтті қызамыққа, құрөзекке, көкжөтелге, туберкулезге, эпидемиялық паротитке (шошқа мойынға), гемофильдi инфекцияға, «В» және «А» гепатитi мен тұмауға (гриппке) және тағы басқа жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенiмдi әдiсiн қолдану барысында вакцинация - екпелер жасалуда. Жыл сайын әлемде барған сайын жаңарып, жаңадан пайда болған жұқпалы ауруларға қарсы жаңа және сапасы жақсартылған вакцина түрлерi ашылуда.

Вакцинациялаудың негiзгi мақсаты - ол адам ағзасында иммунитет пайда болу арқылы жұқпалы ауруларды қабылдауға қарсы тұру болса және соның нәтижесінде ауруға шалдығу мен өлiм-жiтiм санын азайтуда өте маңызы зор.
Екпе жасаудың маңыздылығын бағалауда әрбiр ата-ана мен жалпы қоғамда толық түсiнiк болуы өте қажет. Жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жаппай түсінуі маңызды. 

«Мұнайлы орталық аудандық емханасының»   

балалар дәрігері  Искакова Анар Ерболқызы

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте