Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Медицинское учреждение «Областной центр проблем формирования здорового образа жизни»

Официальный интернет-ресурс

130000, Республика Казахстан, 
Мангистауская область, город Актау, 
24 микрорайон, Б/ц "Отар", 421 каб.
Телефоны: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Витамин жетіспесе...

28.03.2016
Адам баласының витаминдерге деген мұқтаждығы болмашы ғана – грамның оннан бір, жүзден бір, тіпті мыңнан бір үлесіндей-ақ. Ал енді витаминнің сол бір болмашы мөлшері жетіспегеннің өзінде тәнімізде аса ауыр жағымсыз өзгерістер пайда болуы мүмкін. Түрлі азық – түліктер құрамында ондаған витаминдер болады және олардың әрқайсысы тәнде жүретін белгілі бір процеске қатысады. Мәселен, А витаминнің жетіспеушілігінен көру ағзаларының қызметі төмендеп, тәннің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.

А витамині сүт өнімдерінде, сары майда, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, балық майында мол болады. В1 витамині (тиамин) көптеген өсімдік және мал өнімдерінде, әсіресе ашытқыда, ірі тартылған бидайдан жасалған нанда, бұршақ, көкөніс, бүйрек, жұмыртқа сарыуызында көп болады. В1 витамині жетіспесе, тән шаршап-шалдыққыш келеді, адам діңкесі құрып, басы ауырып, тамаққа тәбеті болмай, ұйқысыздыққа ұшырайды.

Ал, В2 витамині немесе рибофлавин жетіспесе, ауыз, ерін жарылып, бұлшық еттер әлсіреп, себорейлі дерматит, көздің зақымдануы, жарықты жақтырмаушылық, көзден жас ағу сияқты сырқаттар пайда болады.

Аталмыш витамин етте, бауырда, сүт өнімдерінде, тауық жұмыртқасында, қарақұмық және сұлы ұнында, ірі тартылған бидайдан жасалған нанда болады.

С витаминнің негізгі көздері – көкөністер мен жемістер. Бұл витаминді аскорбин қышқылы деп те атайды. Ол тәнге жеткілікті мөлшерде келіп түспесе, алды бұрын қантамырларының қабырғалары зақымданады, ақыл-ой және еңбек қабілеті нашарлайды, адам әртүрлі жұқпалы кеселдерге шалдығады. Тәнде кальций мен фосфордың алмасуын реттейтін Д витаминінің тапшылығы да әртүрлі аурулардың туындауына алып келеді: сүйек жұмсарып, беріктігін жоғалтады. Д витамині адам терісінде синтезделуге қабілетті, бірақ, ол үшін теріге күн сәулесі немесе ультра күлгін сәуле түсуі тиіс. Д витамині әсіресе сүйек қаңқасы енді қалыптасып келе жатқан сәбилерге қажет. Бұл витамин жетіспесе сәбидің бас сүйегі жұмсарып, аяқтары қисайып, дене салмағын көтере алмай қалады, яғни мешел (рахит) ауруына шалдығады. Ал енді, тәнге екі, үш және одан да көп витаминдер жетіспесе ше? Онда адам өте ауыр жағдайға ұшырайды.

Витамин жетіспеушіліктің негізгі себептерінің бірі – бірыңғай тиімсіз тамақтану немесе көкөніс пен жемістердің жетімсіздігі. Мәселен, бірыңғай ет жей беруден де тәнде витаминнің жетіспеушілігі байқалады. Өйткені ақуызды (белок) сіңіру үшінде көптеген витаминдер қажет.

Тәнге немесе жүйке жүйесіне ауыр салмақ түскен кездері, балалар мен жасөспірімдердің жедел өсу кезеңінде, әйелдердің жүктілік немесе бала емізу кезеңінде витаминдерег деген қажеттілік күшейе түседі.

Витаминдердің жетіспеушілігі әсіресе, қыс және көктем кездерінде жиі байқалады, өйткені жылдың осы мерзімдерінде көптеген азық – түліктер құрамында витаминдер азайып, тәндегі витаминдер қоры да сарқылады.

Қысқасы, тәннің витаминдерге қажеттілігін үнемі қанағаттандырып отыру үшін мал өнімдерімен бірге көкөніс және жемістерді мүмкіндігінше көбірек қолданған жөн.

Шамсынұр БАЙҚҰЛОВА,

ОСӨСҚПО ЖҚФ социологі


Полезная информация
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан http://mzsr.gov.kz
Управление здравоохранения Мангистауской области dsb.mangystau.gov.kz
Национальный научный кардиохирургический центр heartcenter.kz
Национальный медицинский холдинг nmh.kz
Национальный научный центр онкологии и трансплантологии nscot.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
ГКП на ПХВ Мангистауский областной онкологический диспансер http://onko.mangystau.kz
ГКП на ПХВ «Областная детская больница» http://detbol.mangystau.kz
Ваш отзыв по сайту
   Ваш отзыв о сайте