Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Медицинское учреждение «Областной центр проблем формирования здорового образа жизни»

Официальный интернет-ресурс

130000, Республика Казахстан, 
Мангистауская область, город Актау, 
24 микрорайон, Б/ц "Отар", 421 каб.
Телефоны: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Ғасыр дерті – темекі.

04.04.2016

Бақтыбаева Райхан Қожабергенқызы – қаламыздың құрметті дәрігерлерінің бірі. Ол 1986 жылы Ашхабад қаласындағы Халықтар Достығы орденді Түркменстан мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетін бітірді. Өзінің еңбек жолын Красноводск қаласындағы емхананың участкелік дәрігер қызметінен бастаған.1999 жылдан бастап Жаңаөзен қалалық емханасының учаскелік дәрігері,2007 - 2012 жж. – аталған емханада бас дәрігердің алдын алу және емдеу ісі жөнінде орынбасары. 2012 жылдан – № 2 Жаңаөзен қалалық емхананың дәрігерлік - кеңестік комиссияның төрайымы. І санатты денсаулық сақтау ісінің үйлестірушісі.

Медицина саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін облыс және қала деңгейінде көптеген алғыс хаттарға иеленген. Тұрмыста. Жолдасымен 3 бала, 3 немере тәриелеуде.

Осындай тәжірибелі дәрігермен темекінің зияны туралы сұхбат жүргізуді дұрыс көрдік.

-  Райхан Қожабергенқызы, ең алдымен темекінің тарихы жөнінде қысқаша тоқталсаңыз ?

Темекінің әу басқы отаны Америка екендігі баршамызға мәлім.Еуропаға темекінің алғаш рет дәмін татырған Христофор Колумб болатын. Алайда сол құрлықтың жергілікті адамдарына достық қатынастың белгісі ретінде берген бұл сыйдың жер жүзіне соншама залал келтіргендігі ұлы теңіз саяхатшысының кәперінде болмаса керек.

Еуропаға әкелінген темекінің тағдыры мен жұртшылық арасына темекі тартудың тарау тарихы арнайы зерттеуге тұрарлық нәрсе.

XVII - XVIII ғасырдың өзінде - ақ « дене мен жанды күйрететін тозақи, дию ісі, қарғыс атқыр темекіге » тек дәрігерлердің ғана емес, корольдер мен дін қайраткерлері де қарсы болған - тұғын.Михаил Федорович патша Ресейде алғаш темекі тартып ұсталған адамға дүре соқтырған. Екінші рет ұсталғандарға өлім жазасын берген, темекі иіскеуші насыбайшылардың мұрындарын кескен,Папа Урбан VIII храм ішінде темекі тартушыларды шіркеуден аластатуды бұйырған. Соған қарамастан темекі Еуропаны ғана емес, бүкіл дүние жүзін жаулап алды.

Сөйтіп бүгінгі күндері темекі жыл сайын миллиондаған адам өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті жау болып отыр.

-  Ал енді темекінің зиянды құрамы туралы не айтар едіңіз?

Бір темекі талында кем дегенде 1 мг никотин, 1,5 мг аммиак, 15 мг шайыр және 20 15СЃРј3">  көміртек тотығы болатындығын еске сала кетелік. Шайырдың, былайынша айтқанда, темекі қара майының құрамында обыр тудыратын канцерогенді қосылыстар – бензпирен және бензантрацен бар. Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады. Күніне 20 тал темекі тартатын адам жиырма жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөктіреді.

Темекінің ең басты химиялық құрамы – никотин. Темекі өсімдігі оны жәндіктерден қорғану үшін бойына сіңіреді және ол табиғи инсектицид болып табылады. Никотин жануарлар ағзасы үшін де күшті у. Көп мөлшерде ол орталық жүйке жүйесінің салданып қалуына ( параличіне ) соқтырады, тыныс алу және жүрек қызметін тоқтатады, аз мөлшерде ең алдымен тәнге, басқа да осы тақылеттес ағзаларға зиянды әсерін тигізеді.

 - Темекінің тыныс алу жолдарына, өкпеге күйрете соққы беретіні бәрімізге де белгілі. Ал осы улы заттың адамды жүрек талмасына шалдықтыратыны туралы да ақпараттар аз емес. Осыны медициналық-биологиялық тұрғыдан түсіндіріп бересіз бе ?

Темекі тарту адреналин мен оған ұқсас заттардың қанға түсуін молайтады, бұл тамыр қабырғасының зақымдануы мен жүрек етінің қабынуына ( миокардитқа ) соқтырады. Онымен қоймай, никотин жүрек тамырлары артериялары мен аяқтың тамырларын тарылтады. Бұның бәрі, әрине, жүрек еті өліеттенуінің ( миокард инфаркты ) алғы шарты.

Темекі тартқан кезде қанға түсетін никотин тромбоцит жасушаларының жабысқақтық қасиетін күшейтеді, бұл болса қан жолдарында ұйыған қан түйіндерінің пайда болуына әкелуі әбден мүмкін. Темекі тартатын адамдардың қанында қанды ұйытуға қатысатын белок – фибриногеннің айтарлықтай көбеюіне де, қан түйіндерінің пайда болуына да тікелей ықпал етеді. Никотин қандағы адреналиннің мөлшерін көбейтіп жіберуі арқылы жүрек бұлшық етінің де оттегіне зәрулігін арттырып жібереді, мұның жүрек қантамырларының қызметі нашарлап тұрғанда қаупі зор.

Тартылған бір тал темекі қалыпты жүрек соғысын минутына 8 - 10 ретке дейін көбейтеді, ал жалпы алғанда, никотин адамның жүрегін тәулігіне 11 - 14 мың рет соғуға мәжбүр етеді.

Темекі түтіні компонеттерінің бета – липопротеидтер құрылымында өзгіріс тудыратындығы, олардың түрін өзгертетіндігі анықталады, демек соның нәтижесінде бұндай липопротеидтер атеросклерозды жеделдететін артерия қабырғасының макрофагаларымен жедел ластанады. Оның үстіне темекі түтініндегі көміртегі тотығы да атеросклероздың дамуын жеделдете бермекші. Темекі тартатын адамдардың қан тамыры артерияларының атеросклероздық зақымдануы темекі тартпайтындарға қарағанда айтарлықтай айқын және олардың қан тамырларының зақымдану ауқымы бірнеше есе асып түсетіндігін анықтаған патологоанатом Г:Г. Автандиловтың байқаулары да осы ғылыми дәлелденген деректерге сәйкес келеді. Сондықтан темекі тартатын адамдарда стенокардия мен жүрек етінің өліеттенуі ( миокард инфаркты ) темекі тартпайтындарға қарағанда жасына байланысты, темекі тарту ұзақтығы мен тарту жиілігіне қарай 5 - 10 есе жиі пайда болатындығы ешкімдіде таңдандырмаса керек. Темекі тартатын адамдардың өзге күре тамырлары да атеросклерозбен жиірек зақымданады, атап айтқанда, соның ықпалымен аяқ күре тамырлары зақымданып, ақыры ішінара ақсақтыққа апарып соғады.

Темекі тарту өкпе обыры және көмей, өңеш обырымен зақымдану қаупін күшейтетіндігі де белгілі. Соңғы кездердегі зерттеулер темекі түтінінде, жоғарыда аталған канцерогенді заттардан басқа, радиоактивті полонийдің де бар екендігін көрсетті. Оны темекі өсімдіктерінің тамырлары фосфатты тыңайтқыштардан алады. Олар темекі жапырақтарында жиналады және кеңірдек тарамдарында жиналып, альфа сәулелену көзі болатын бөлшектер түрінде түтінмен бірге жұтылады. Бір тілші темекіні « нейтронды бомбаның шағын түрі » деп дәл тауып айтқан болатын.

Темекі тыныс алу жолдарының шырышты қабығы жасушаларында жасушаның түп қасиеттерін өзгерте алатын көптеген қожырау, яғни тектік ( генетикалық ) аппаратта қайта түзілімдер тудырады. Атап айтқанда, жасушалардың қауіпті өсуінің басталуын немесе обыр ісігінің дамуын айқындайтын мутациялар мен қожырау туындайды. Түп – тұғияны осылай болған соң, пайда болатын барлық обыр ісіктерінің шамамен 30 пайыздайының себебі темекі екендігі ешкімді де таңқалдырмаса керек.

-  Темекінің әсерінен пайда болатын тағы қандай ауруларды атар едіңіз ?

Темекі басқа да бронхит, өкпе эмфиземасы, гастрит, асқазан мен аш ішек жарасы тәрізді өзге де толып жатқан аурулардың қозуына жағдай жасайды. Ол жүйке жүйесіне де зиянды әсерін тигізеді.

- Бүгінгі таңда көптеген отбасыларда белсіздіктің көбеюі орын алуда. Әрине, оған әртүрлі факторлар, мәселен, экология және қазіргі заманғы қарбаласқа, яғни стреске толы өмір салты және т.б. әсер етеді. Ал, сіздің ойыңызша, осы жағымсыз жайтқа темекінің қосар үлесі бар ма?

Ия, бар, және бұл менің жеке пікірім емес. Жуырда француз дәрігерлері темекі тартатындарды қуанта қоймайтын хабарлама жариялады, олар белсіздіктің он жағдайының сегізінде темекі кінәлі екендігін анықтаған.

- Темекі тартатын қыз-келіншектерді «қуантар» жаңалығыңыз бар ма?

Француз дәрігерлерінің басқа бір тобының пікірі бойынша, темекі тартатын әйелдердің терісі тырысқақ және түрлі тітіркенулерге жеңіл беріледі. Олардың беттерінде темекі тартпайтын әйелдерде жоқ әжімдер пайда болады. Олар:« Темекі – әйел сұлулығының қас дұшпаны », - деп есептейді. Соңғы уақытта Гарвард медициналық мектебінің ( АҚШ ) зерттеушілері күніне жиырма тал және одан да көп темекі тартатын адамдардың, мосқал және кәрі адамдардың көру қабілетінен айырылуының ең жиі себебі болып табылатын катаракт ауруының пайда болуы екі есе өскендігін анықтады.

- Адам темекіге психологиялық түрде тәуелдене ме әлде оның құрамында бой үйрететін зат бар ма ?

Темекіге адам есірткіге үйренгендей үйренеді. Никотиннің өзінде есірткілік әсер бар.Антлантадағы ( АҚШ ) аурулармен күресу орталығының хабарлауы бойынша, темекі тартатын адамдар темекі тартпайтындарға қарағанда өзіне - өзі 18 есе жиі қол салады екен.

-  Темекіні « еріксіз тарту » немесе белсенсіз темекі шегу деген түсініктерге түсініктеме беріп өтсеңіз ?

Темекі тарту тек белсенді және жүйелі түрде темекі тартатын адамдар шеңберімен шектеліп қалған жоқ. Қазір жұртты темекіні еріксіз тарту мәселесі де толғандыратын болды. Тұтатылған темекі түтінінің 70 процентіне жуығы қоршаған ортаға түсетіндігі, оны шайырмен, никотинмен, көміртек тотығымен және адам үшін зиянды басқа заттармен ластайтындығын анықталды. Әсіресе жабық үй - жайларда темекі тарту қоршаған адамдарға үлкен зиян тигізеді. Осы ретте осыдан 100 жылдан да әрі ( 1883 ) Санкт - Петербургте шығарылған « Врач » газетінің бір жариялымы еске түседі. Онда былай делінген екен: « Проф. Валлин темекінің зияны туралы аса қызық мәліметтер хабарлады: ол көкіректің қатты талма ұстамасы бар жас офицерді бақылаған. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ауру темекіден бас тартты, бірақ ұстама тоқтамады. Оның бір бөлмеде ағасымен тұратындығы, ағасының темекіні көп тартатындығы және оған күнде 5 - 6 жолдасы темекі тартуға келетіндігі анықталды. Бұл жағдай түзелген кезде аурудың да барлық белгілері жолдайды ».

Калифорния университетінің мамандары және олардың Юта ( АҚШ ) штаты университетіндегі әріптестері 30 - 59 жас аралығындағы 7 мың әйелдің ауруын зерттеді. Күйеулері темекі тартатын әйелдер өз денсаулықтарына айтарлықтай қауіп төндіреді. Нағыз қорқоршылардың әйелдерінде жүрек талмасы 3 есе жиі кездеседі. Темекіні көп тартатын еркектердің әйелдері темекі тартпайтындардың әйелдеріне қарағанда өкпе обырына екі есе жиі ұрынады. 91 540 отбасын 14 жыл бойы бақылаған жапон зерттеушілері де тап осындай қорытындыға келді.

Ағылшын дәрігерлері егер отбасында ата – ананың екеуі де темекі тартатын болса, олардың балалары өз бойларына жылына 80 тал темекі жұтатындай мөлшерде никотин сіңіретіндігі есептеп шығарды. 6 - 7 жас аралығындағы балалардың үлкен тобын да зерттеп, темекі тартылған үйлерде жиі болатын балалардың дұрыс жағдайларда өмір сүретін құрбыларынан гөрі бойлары аласа және баяуырақ дамитынын анықтады. Ата – анасы темекі тартатын балалардың басқа балаларға қарағанда өкпе ауруына екі есе жиі шалдығатындығын да атап өтіпті. Бала кезінде темекі түтінін жұтқан, бірақ өздері темекі тартпайтын адамдар бәрібір обырға шалдығу қауіпінде ( 60 % - ке дейін ) болады екен.

-  Ал жүкті әйел темекі тартса ше ?

Темекі тартатын екіқабат әйелдердің темекі тартпайтындарға қарағанда түсік тастау қаупі мол. Бұндай аналардың балаларының салмағы көп жағдайда төмен және олардың шетінеу қаупі де жоғары. Темекі тарту және денсаулық бағдарламасы жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызметкері доктор Р. Мазирони атап өткендей, темекі тартатын әйелдерде « балалар денсаулығы үшін қауіп олар дүниеге келмес бұрын пайда болады ».

-  Темекі тарту өмір ұзақтығына ықпалын тигізе ме ?

Әртүрлі елдердің мамандары тартылған бір тал темекінің өмірді 5 - 15 минутке, ал күніне үнемі 20 тал темекі тарту кем дегенде 5 жылғы ғұмырды қысқартатындығын есептеп шығарды. 65 жасқа толмай қаза болу қаупі темекі тартатын адамдарда темекі тартпайтындарға қарағанда екі есе жоғары. Осыған қатысты Санк - Петербургте өткізілген зертеулер өте дәйекті. Экспериментальды медицина институтының мамандары жүрек қан айналасының бұзылуы ауруының таралуын анықтау үшін қаланың Петроград ауданында тұратын 4 мыңға жуық ер адамды зерттеді. Зерттеген адамдардың жас аралығы – 40 жастан 59 жасқа дейін. Осыдан соңғы 17 жыл ішінде оларға кешенді жүйелі бақылау жүргізілді. Бұл бақылау барысында жүрек қан айналысы бұзылған аурудан қазаға ұрындыру жағдайлары мен басқа да себептерден өлу жағдайлары тіркеліп отырды. Осы кезең ішінде әртүрлі себептерден 1242 адамның қайтыс болғаны анықталды. Бұның ішінде темекі тартатын адамдар саны темекі тартпайтындар мен темекіні тастаған адамдар санынан 2, 5 есе артық.

Соғыс ардагерлерінің үлкен тобын ( 290 мың ) ұзақ уақыт ( 16 жыл ) бақылау кезінде АҚШ - та да осыған ұқсас мағлұматтар алынған болатын. Бұнда да темекі тартатындардың өлімі темекі тартпаған адамдарға қарағанда шамамен 2 есе жоғары болған.АҚШ - та жыл сайын темекіге байланысты аурулардан 350 мыңға жуық адам өледі.Англияда – 100 мың, Францияда – 70 мың, Германияда – 50 мың, ал жалпы алғанда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша, бүкіл дүниежүзінде – 2, 5 млн. ( ! ) адамның өлімінің себебі темекі екен.

- Темекінің адам денсаулығына тигізетін зиянынан басқа тағы қандай зияны болуы мүмкін ?

 - Біріккен Ұлттар Ұйымының мағлұматтары бойынша, темекі тарту біздің планетамыздағы барлық өрттердің төрттен бірінің тікелей себепшісі болып табылады. Темекі тартатын адамдар өздерінің тұрғын үйлерін айтпағанда, көшелерді, парктерді және басқа да қоғамдық орындарды ластайды. Бір жыл ішінде екі жарым миллион тонна темекі қалдығы тасталады. Қорқоршылардың еңбекке жарамсыздығынан орасан көп жұмыс уақыты жоғалады. Темекі өсіруге ең жақсы құнарлы жерлер бөлінеді, бұл жерлерді қажетті ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалануға әбден-ақ болар еді. Ал дүние жүзінде темекі өндіру аса зор қарқын алып кеткендігі белгілі.

Көп елдерде темекі тартудан келген экономикалық шығын темекі өнімдерін сатудан түскен кірістен әлденеше есе асып түседі.

Темекі тек жүрек талмасы, обыр, ұрпақтың шалағайлығы ғана емес, бұлардан да өзге мың да бір аурудың бастауы. Сондықтан да ең абзалы, ол шіркінді бастамаған. Ал бастап қалған кісілердің тезірек тастағаны қандай ғанибет.

Біздің денеміздегі көптеген тәндерімізде, соның ішінде өкпеде де, фагоцит деп аталатын арнаулы жасуша бар. Осы фагоцит тәнде пайда бола қалған бактериялар, вирустар, жасушалар ісігі, темекі түтінінің бөлшектеріне дереу шабуылға шығып, оларды құртып жіберуге дайын тұрады. Егер темекіні тастасаңыз, фагоцит сіздің өкпеңізде жылдар бойы жиналып қалған ысты тазалайды. Ал темекіні қоймай жүйдемелетіп тарта беретін болсаңыз, қалыпқа келудің орнына фагоциттің өзі амалсыз тез ыдырайды да, өкпені темекі ысы молынан қаба беретін болады.

Темекіні елу жасында қойып, сексеннен аса саналы өмір сүрген Гете « темекіден топастана бересің » деген.

Темекі шегетін он адамның сегізі темекі тартатын отбасынан шыққан екен. Денсаулық бастауы – салауатты отбасына не жетсін.

Дүние жүзінде мүлде темекі тартылмаса, қаншама адам бұл ғұмырынан да ұзақ жасаған болар еді.

Сұхбатты жүргізген, Шамсынұр БАЙҚҰЛОВА,

ОСӨСҚПО ЖҚФ Социологы.

Полезная информация
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан http://mzsr.gov.kz
Управление здравоохранения Мангистауской области dsb.mangystau.gov.kz
Национальный научный кардиохирургический центр heartcenter.kz
Национальный медицинский холдинг nmh.kz
Национальный научный центр онкологии и трансплантологии nscot.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
ГКП на ПХВ Мангистауский областной онкологический диспансер http://onko.mangystau.kz
ГКП на ПХВ «Областная детская больница» http://detbol.mangystau.kz
Ваш отзыв по сайту
   Ваш отзыв о сайте