Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Медицинское учреждение «Областной центр проблем формирования здорового образа жизни»

Официальный интернет-ресурс

130000, Республика Казахстан, 
Мангистауская область, город Актау, 
24 микрорайон, Б/ц "Отар", 421 каб.
Телефоны: +7 (7292) 33-27-22
Факс: +7 (7292) 33-27-22
E-mail: zoj-mangystau@med.mail.kz

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Тәуелсіздіктің жарқын бейнесі

12.06.2017

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

 Мемлекеттік рәміздер - бұл кез кел­ген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің Тәуелсіздігін паш ететін, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақ- тастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-мұратын жеткізетін киелі құндылықтар. Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін көрсетіп, Республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Бабаларымыздың ғасырлар бойғы ар­маны - «Менің Қазақстаным» Әнұранының құдіретті әуені елімізді ұлы болашаққа бастап барады. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Отанымыздың өзі нақ осы Рәміздерден: Ту, Елтаңба мен Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егеменді еліміздің еңселі азаматтары қалыптасады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер - бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші обра­зын білдіреді,» - дегендей, Тәуелсіз елдің ұрпағы мемлекеттік рәміздерді бала жасынан біліп, мәңгілік мақтаныш етіп отыру керек. Ұрпағымызды Отанын, Рәміздерін сүюге, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуымызға тиіспіз.



Гүлнар СҮЙЕУОВА, Жаңаөзен қалалық әділет
басқармасының жетекші маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы»

РҚБ МОФ мүшесі.

Полезная информация
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан http://mzsr.gov.kz
Управление здравоохранения Мангистауской области dsb.mangystau.gov.kz
Национальный научный кардиохирургический центр heartcenter.kz
Национальный медицинский холдинг nmh.kz
Национальный научный центр онкологии и трансплантологии nscot.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
ГКП на ПХВ Мангистауский областной онкологический диспансер http://onko.mangystau.kz
ГКП на ПХВ «Областная детская больница» http://detbol.mangystau.kz
Ваш отзыв по сайту
   Ваш отзыв о сайте